«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Жоба Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес келтіру, жоғары аудиторлық Палатаның 2023 жылғы 22 мамырдағы № 9-1-Н нұсқамасын, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының
2024 жылғы 25 маусымдағы № 12-18/2424/24-41-9.67-1 тапсырмасын орындау, сондай-ақ шынайылық пен заң техникасын сақтау шеңберінде әзірленді.
Жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Жобаның мақсаты Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы 22 мамырдағы № 9-1-Н нұсқамасын және ҚР Премьер-Министрі орынбасарының 2024 жылғы 25 маусымдағы № 12-18/2424/24-41-9.67-1 тапсырмасын орындау үшін нормативтік құқықтық актілердің жекелеген тармақтарын сәйкестендіру болып табылады, сондай-ақ үлестік қатысу әдісімен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шоғырландырылған қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікте қаржылық инвестицияларды көрсету, пайдаланушыларды объектілер бөлінісінде шығыстар туралы тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша ақпаратты ашу, үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестицияларды қоса алғанда, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар туралы ақпаратты ашу жөніндегі талапты енгізу.
Бұйрық жобасы 2024 жылғы 11 қазанда мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15230225) орналастырылған.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы
16 қазанға дейін.