««Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 648 бұйрығына Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен ««Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 648 бұйрығы әзірленді (бұдан әрі – Бұйрық).

Бұйрық:

1) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 9 маусымдағы № 12-Қ мемлекеттік аудит қорытындысының 7.7-тармағын орындау үшін салық төлеушінің мүлкін сатудан түскен сомалар есебінен өтелуге жататын шығындардың нақты тізбесін, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемелерін айқындау бөлігінде және «Проблемалық кредиттер қоры» Акционерлік қоғамының мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылды нақтылау, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушының компанияның банк шотына ақша аудару мерзімдерін қысқарту бойынша енгізілген ұсыныстарын ескере отырып;

2) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы 29-3-Н нұсқамасының (бұдан әрі – Нұсқама) нормативтік құқықтық актілерге олардың мәтінінде мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталының атауын www.gosreestr.kz сайтынан www.e-qazyna.kz сайтына ауыстыру бойынша түзетулер енгізуді қамтамасыз ету туралы
1.2.1-тармағын орындау үшін әзірленді.

Бұйрықтың мақсаты сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру мерзімін ұзарту жолымен мүлікті сатудан, сауда-саттықтағы бәсекелестіктен түскен сомадан борышкердің берешегін өтеу есебіне түсімдерді ұлғайту болып табылады.                  

Бұйрықты іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.

Бұйрықты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

Бұл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 35165 болып тіркелген және алғашқы ресми жаряланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.