«Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы жобасына (бұдан әрі – Жоба) баспасөз хабарламасы

Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасына негізделген, ол бюрократиядан арылту қағидаттарының бірі бастапқы цифрландыру – мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және бір-бірімен цифрлық форматта жан-жақты өзара іс-қимыл жасауының басымдығы болып табылады. Сондай-ақ, 2024 жылғы 25 наурыздағы № 68-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Жобаның мақсаты – бюрократиядан арылу, трансферттік баға бойынша өтініш тапсыратын салық төлеушілердің қызметіне байланысты деректерді жинау және талдау процесінің тиімділігі мен ашықтығын оңтайландыру және арттыру. Сондай-ақ, «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңның 5-1-бабына 2024 жылғы 25 наурыздағы № 68-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілген өзгерістерге сәйкестендіру.
Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 27 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15216571.
Бұйрықтың жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 11 қазанға дейін.