Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі

Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістертер мен толықтыру енгізіледі

 БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116 бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.

Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) 2024 жылдың 27 қыркүйекте орналыстырылды.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау өткізу мерзімі – 2024 жылдың «11» қазанға дейін.