«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 205-бабының 2-тармақшасына сәйкес Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын TONIA Compounded Index композиттік индексіне байланыстыруды көздейтін мемлекеттік бағалы қағаздар портфелінде жаңа қаржы құралын енгізу бөлігінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.

Жобаның мақсаты ағымдағы нарықтық конъюнктураны көрсететін шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздарға сұранысты арттыруды және қалған эмитенттер үшін баға бағдарын белгілеуді, үкіметтік қарыздар портфелін әртараптандыруды, мемлекеттік бағалы қағаздардың өтімділігін арттыруды, сондай-ақ республикалық бюджет тапшылығын толыққанды жабу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында қарыз алудың нарықтық және әділ құнын қалыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады.

TONIA Compounded Index – TONIA индикаторының соңғы есептелген мәні негізінде әр күнтізбелік күн сайын есептелетін TONIA композиттік индексі.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын TONIA Compounded Index композиттік индексіне байланыстыру оның Қазақстандағы ақша нарығының индикаторы ретінде танылуына және қаржы нарығына қатысушылардың осы құралға деген сенімінің артуына байланысты.

Жоба 2024 жылғы 16 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15202178) орналастырылды.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін.