«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы 2024 жылдың 17 қыркүйекке дейінгі мерзімде жария талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz /arm/admin/viewcard?id=15190516) орналастырылды.
Жобаның мақсаты «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы
23 мамырдағы № 185 бұйрығын Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес келтіру, сондай-ақ «Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығына қаржылық есептілікті қабылдау туралы хабарламаны басып шығару және сақтау міндетін алып тастайтын әкімшілік кедергілерді төмендету болып табылады.