«Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына Баспасөз релизі

«Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы
22 тамыздағы № 423 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Жоба «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес мемлекеттік органның, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін материалдық-техникалық, ұйымдық-құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша әзірленді.
Жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Бұйрық жобасының мақсаты мемлекеттік мекемелердегі түгендеу комиссиясының құрамы бойынша нақтылау болып табылады.
Бұйрық жобасы 2024 жылғы 21 тамызда мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15177835) орналастырылған.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 5 қыркүйекке дейін.