«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  кейбір бұйрықтарына өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасына  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

кейбір бұйрықтарына өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасына

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 97 Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

Заңға сәйкес Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметін республикалық бюджет шығыстарынан алып тастау бойынша Бюджет кодесіне түзету енгізілді.

Осыған байланысты жобада Агенттік қызметін республикалық бюджет шығыстарының құрамынан алып тастау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландыруға көшуді (Агенттік қызметкерлерін мемлекеттік органдардың еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесінен шығару, Ұлттық Банктің белгіленген қағидалары бойынша сатып алу және бухгалтерлік есеп жүйесіне көшу, сондай-ақ ішкі аудит стандарттарын бекіту).

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15159693) 2024 жылғы 6 тамызда орналастырылған.