«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кувейт Мемлекетінің Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды жою және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Здание МФ

1.

Жобаның атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кувейт Мемлекетінің Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды жою және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына және               8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді

4.

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратына «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кувейт Мемлекетінің Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды жою және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге қол қою туралы» қаулы жобасын қарауына енгізу

5.

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кувейт Мемлекетінің Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды жою және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге қол қою туралы» қаулы жобасының мақсаты Келісім жобасын мақұлдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан оған қол қоюға өкілеттік берілген уәкілетті тұлғаны айқындау болып табылады.

6.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдарларға, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге теріс салдарларға әкеп соқтырмайды

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15931727