Мемлекеттік борышты басқару жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Мемлекеттік борышты басқару жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті
ҚР Қаржы министрлігі, Ұлттық банк және Ұлттық экономика министрлігі өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік борышты басқару жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Алқалы басқосуда дамушы нарықтар индексі (GBI-EM) мен Euroclear халықаралық депозитарийіне қосылу мәселесі , Бастапқы дилерлер бағдарламасының аралық жұмыс нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік борышты басқару стратегиясын әзірлеу мәселелері талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша бірлескен жұмыстың келесі бағыттары айқындалып, оларды орындау мемлекеттік борышты басқару тетіктерін жетілдіруге, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын (МБҚ) дамытуға және Қаржы министрлігінің МБҚ дамушы нарықтар индексіне (GBI-EM) толық енгізу үшін тиісті жағдайлар жасауға әсер етуі тиіс.