Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2026–2030 жылдарға арналған Даму жоспары бойынша баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2026–2030 жылдарға арналған Даму жоспары бойынша баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 7 қазандағы № 678 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 420 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2026–2030 жылдарға арналған Даму жоспарына (бұдан әрі – Министрліктің Даму жоспары) өзгерістер енгізілді.
Министрліктің даму жоспары мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, бюджет қаражатын басқару тиімділігін арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге, мемлекеттік қаржының ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге бағытталған.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты 5 стратегиялық мақсатқа қол жеткізуді көздейді, олардың іске асырылуы 17 нысаналы индикатор арқылы бағаланатын болады.
Құжат Министрліктің ресми интернет-ресурсында 2026 жылғы 8 қазанда мына сілтеме бойынша жарияланды: https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1078809?lang=ru