«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрық жобасы
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрық жобасы |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Жоба мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру шеңберінде әзірленді. |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жобада Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің: - 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы»; - 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы»; - 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына түзетулер көзделген. Негізгі түзетулер: - әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібін реттеу; - «толық бітіріп берілетін құрылыс» бойынша конкурс қорытындыларына әсер ететін бағалық емес өлшемшарттарды жетілдіру; - мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін кеңейту.
|
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Жобаның мақсаты мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру болып табылады. |
|
6 |
НҚА жобасы қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, НҚА жобасы қабылдаған жағдайда әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар тудырмайды. |
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15891643