Қаржы министрлігі жаңа ашық деректер жиынтықтарын талқылауға шақырады

Қаржы министрлігі жаңа ашық деректер жиынтықтарын талқылауға шақырады

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Ашық диалог» порталында интернет-конференция өткізеді. Оның барысында азаматтар, бизнес өкілдері және сарапшылар қауымдастығы қоғамдық және практикалық маңызы бар жаңа ашық деректер жиынтықтарын ұсына алады. «Қаржы саласында жаңа ашық деректер жиынтықтарын орналастыру» тақырыбындағы интернет-конференция 2026 жылғы 30 қыркүйекте сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Іс-шара мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын арттыруға және азаматтармен, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған. Интернет-конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ашық деректер тізбесін кеңейту бойынша ұсыныстарын жолдап, қоғамдық маңызы бар және талдау жасау мен практикалық қолдану үшін қажетті мәліметтерді ұсына алады. Келіп түскен ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ашық деректер тізбесін қалыптастыру және өзектендіру барысында қарастырады. Азаматтарды, бизнес өкілдерін, сарапшылар қауымдастығын және барлық мүдделі тұлғаларды интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.

Қатысуға арналған сілтеме: dialog.egov.kz/conference/6017