«Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Жоба ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуларды жетілдіру шеңберінде әзірленді. |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жобада Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 «Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына түзетулер көзделген. |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Негізгі түзетулер: - «Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 589 бұйрығында көзделген шекті мәндерден асқан жағдайда, мұндай сатып алуларды мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушыларының деңгейіне – жергілікті атқарушы органның мемлекеттік сатып алу басқармасына беру болып табылады. Ұсынылған түзетулерді мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру болып табылады. |
|
6 |
НҚА жобасы қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
«Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу, НҚА жобасы қабылдаған жағдайда әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар тудырмайды. |
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15872319