Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы».

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2026 жылғы 30 мамырдағы
№ 02-24/2526 ұсынысына сәйкес, және Көлік министрлігінің 2026 жылғы 5 маусымдағы № 02-1-18/Д-1234//Б-861 п 2 ұсынысына сәйкес әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің:

- 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;

- 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына түзетулер көзделген.

Негізгі түзетулер:

– Жобаның мақсаты мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор сатып алу заңнамаларын жетілдіру болып табылады.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаның мақсаты мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор сатып алу заңнамаларын жетілдіру болып табылады.

6

НҚА жобасы қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы», НҚА жобасы қабылдаған жағдайда әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар тудырмайды.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15881407