"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15879663

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы.

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

 Жоба Жоғары аудиторлық палатаның 2026 жылғы 8 маусымдағы № 14-1-Н нұсқамасының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларын орындау шеңберінде әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

 Редакциялық түзетулер, нормативтік құқықтық актілерді сәйкестендіру.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

 Жобаның мақсаты:

 2026 ж. 08.06. № 14-1-Н Жоғары аудиторлық палата нұсқамасының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларын орындау, оның ішінде қаржылық есептілік аудитінің рәсімдік стандартының 65-тармағы талаптарының 66-тармақта көзделген аудиторлық іріктеу көлемін есептеу формуласына, сондай-ақ аталған рәсімдік стандарттың 7-қосымшасындағы деңгейді (коэффициентті) айқындау жөніндегі талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және аудиторлық есепте бухгалтерлік есептің орталықтандырылған жүргізілуі туралы ақпаратты, орталықтандырылған есепке алынған ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесін көрсете отырып, міндетті түрде көрсету талабын енгізу болып табылады.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

 Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15879663