«Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 бұйрығы туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 231 бұйрығы 2028 жылғы 1 шілдедегі Реттеуші актіге талдау жүргізу мерзімімен міндетті талаптар тізілімінде қамтылғанын хабарлайды.

Осы бұйрық аудиторлық ұйымдарға қолданылады және міндетті аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдарға қойылатын талаптарды белгілейді.

Сонымен қатар, осы бұйрықтың ережелері олар күшіне енген сәттен бастап қолданыста болғанына және қолдануға міндетті болып қалатынына назар аударамыз.

Қызмет бағыты