«Жария мүдделі ұйымдарға арналған бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «бірлескен бұйрықтың жобасы қаржы ұйымдарын, бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметін қоспағанда»
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар, бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметі үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірлескен бұйрық жобасы |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға (бар болса) сілтеме жасай отырып) |
Жоба Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жобада бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тексеру парақтары бөлігінде өзгерістер енгізу көзделеді |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Жобаның мақсаты қолданыстағы нормативтік талаптардың сақталуына байланысты редакциялық сипаттағы түзетулер енгізу болып табылады |
|
6 |
НҚА жобасын қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. |
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15879762