«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрық жобасы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрық жобасы

 

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрық жобасы

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба 2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіруге байланысты сәйкес әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің:

- «Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 597;

- «Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480;

- «Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылақ бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 873 бұйрықтарына түзетулер көзделген.

Негізгі түзетулер:

- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіруге байланысты сәйкес әзірленді.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

          Жобаның мақсаты:

   2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіруге байланысты сәйкес келтіру мақсатында «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» сөзін «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» сөзіне, «тенге» сөзін «теңге» сөзіне ауыстыру.

6

НҚА жобасы қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.