Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспары бойынша баспасөз-релизі
Қаржы министрлігінің 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспары (бұдан әрі - Министрліктің Даму жоспары) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 420 бұйрығымен бекітілді.
Министрліктің Даму жоспары мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес әзірленген және экономикалық өсім үшін қолайлы жағдайлар жасауға, сыртқы сын-қатерлерге төзімділікті арттыруға және мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз ету, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, цифрлық шешімдерді дамыту және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Құжат Министрліктің ресми интернет-ресурсында 2026 жылғы 22 маусымда жарияланды, келесі сілтеме бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1029970?lang=ru.