| 1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы. |
| 2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі. |
| 3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және 15-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді. |
| 4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Хаттама ШЫҰ-ның бюджетін қалыптастыру және жұмыс істейтін органдарының алдында жылсайынғы үлестік жарналарды енгізу бойынша мүше мемлекеттердің қаржылық міндеттемелерін орындау бөлігінде ШЫҰ-ның нормативтік құқықтық базасын жетілдіру. |
| 5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Қаулы жобасы «2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу мақсатында әзірленді. |
| 6 |
НҚА жобасы қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасы үшін теріс саяси, құқықтық, қаржы-экономикалық және өзге де салдарларға әкеп соқтырмайды. |