«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармақшасына сәйкес әзірленді

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен әріптестік туралы негіздемелік келісімді мақұлдау және Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық өсімін, инфрақұрылымды дамытуды қолдауға бағытталған одан әрі ынтымақтастық  мақсатында оған қол қою үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрі өкілеттік беру көзделген.

Алдыңғы Негіздемелік келісімнің мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанда өтті.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу болып табылады.

6

НҚА жобасы қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15831890