«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы.

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

      Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі;

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.      

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жоба:

1) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

       Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «электрондық үкімет», «ақпараттық жүйе», «Біліктілік комиссиясы айқындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады», «бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды» деген сөздер тиісінше «цифрлық үкімет», «цифрлық жүйе», «кәсіптік кеңестің, уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады, сондай-ақ қаржылық есептілік депозитарийінде орналастырылады», «өзінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды, сондай-ақ ол қаржылық есептілік депозитарийінде орналастырылады» сөздерін ауыстыру бөлігінде түзетулер енгізілуіне байланысты нормативтік құқықтық актіні өзектендіру болып табылады.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

     Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15825600

Қызмет бағыты