«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы

 

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы.

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба 2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіруге байланысты сәйкес әзірленді.

 

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Редакциялық түзетулер, нормативтік құқықтық актілерді сәйкестендіру.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

 Жобаның мақсаты:

2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіруге байланысты сәйкес келтіру мақсатында «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» сөзін «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» сөзіне, «заңнамалық актілерінде» сөзін «заңдарында» сөзіне, «Парламенті» сөзін «Құрылтайының» сөзіне, «тенге» сөзін «теңге» сөзіне ауыстыру.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

 

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15822905