«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрық жобасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрық жобасы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Жоба Қазақстан Республикасының Цифрлық Кодексіне және Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ Мәдениет және интеграция министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жетілдіру бөлігінде ұсынысы мақсатында әзірленді.
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің:

- 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық
әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;

- 2024 жылғы 20 тамыздағы № 559 «Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы»;

- 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 627 «Бірыңғай сатып алу платформасын пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;

- 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы»;

- 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 «Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;

- 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына түзетулер көзделген.

Негізгі түзетулер:

- мемлекеттік сатып алу заңнамасын сәйкестендіру және жетілдіру.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Жобаның мақсаты мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру болып табылады.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, НҚА жобасы қабылдаған жағдайда әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар тудырмайды.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15777452