«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы

1.

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

 

Жоба ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуларды жетілдіру шеңберінде әзірленді.

4.

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 «Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына түзетулер көзделген.

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Негізгі түзетулер:

- мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) бекіту тәртібін реттеу;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен тәсілдерді біріздендіру;

- конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарау тәртібін реттеу.

Ұсынылған түзетулерді мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

6.

НҚА жобасы қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу, НҚА жобасы қабылдаған жағдайда әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар тудырмайды.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15755608