Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

1.

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

 

Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының 2025 жылғы 5 қарашадағы тапсырмасын іске асыру шеңберінде.

4.

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің:

- 2024 жылғы 29 тамыздағы № 593 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы»;

- 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына түзетулер көзделген.

Негізгі түзетулер:

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдерін жетілдіру.

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің сатып алу рәсімдерін реттеу.

6.

НҚА жобасы қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдар тудырмайды.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15532777