Проект приказа Министра финансов Республики Казахстан «О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июня 2021 года № 574 «Об утверждении Типовых правил проведения внешнего контроля качества аудиторских организаций, в том числе критериев проверок аудиторских и профессиональных организаций»

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

     «Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 574 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

     «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді  заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді  заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тақырыбына өзгеріс енгізілді.   

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

      Жобаның мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді  заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 28-тармағына сәйкес келтіру.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

     Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік, экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15610884  2025жылдың 20 қазанына дейін

 

   
   

 

 

 

 

   
Қызмет бағыты