«Электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 413 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі

«Электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 413 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына  баспасөз-релизі

«Электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 413 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы

 

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

Электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 413 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы.

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге;

ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістерге байланысты Электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларына өзгерістерге сәйкес әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Редакциялық түзетулер, нормативтік құқықтық актілерді сәйкестендіру.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаның мақсаты:

1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Жеке басты куәландыратын құжаттар тұралы Заң) 7-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келтіру, оған сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттар мынадай деректерді: тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) қамтиды;

2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңның 5 бабының 1 тармағына және 7 бабының 3 тармағына сәйкес келтіру болып табылады;

3) Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес келтіру.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15600767