«Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі

«Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына жоба

 

 

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына жоба

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба іске асыру үшін әзірленді:

1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Заңына сәйкес;

2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына сәйкес әзірленді .

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобамен 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге, сондай-ақ бюджет процесінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің өзгеруіне байланысты «сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына өзгеріс енгізу көзделеді.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаның мақсаты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актіні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшін жойды деп тану бөлігінде жаңа Бюджет Кодексінің және 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына сәйкес келтіру болып табылады.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

 

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15591860