«Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі
«Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына жоба
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына жоба |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі. |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Жоба іске асыру үшін әзірленді: 1) «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен; 2) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен; 3) 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен; 4) 2025 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және қаржы Министрлігінің 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі бірлескен ынтымақтастығы туралы Жол картасымен; 5) Проблемалық жобаларға және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау жүйесінің тиімсіздігіне қатысты 2024 жылғы 12 қарашадағы № 24-41-9.67-8 АП тапсырмаларын орындау жөніндегі Жол картасымен 2025 жылғы 16 сәуірдегі № Р/Р-82. |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Камералдық бақылау функционалының кеңеюі Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы Сонымен қатар, нақты уақыт режимінде мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және игеру кезінде бұзушылықтарды анықтау және жою бойынша алдын алу іс-қимылдарын масштабтау мақсатында.
|
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Жобаның мақсаты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің нақты уақыт режимінде бұзушылықтарды анықтау және жою бойынша алдын ала ден қою шараларын масштабтау, сондай-ақ пост-аудит жүргізуді қысқарту болып табылады
|
|
6 |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды. |