«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»

«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы  № 336 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

     «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

     Жоба:

1) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына;

2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелді) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

 

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

      Мемлекеттік қызметтің жаңа кіші түрімен толықтыру бөлігінде нормативтік құқықтық актіні өзектендіру. 

 

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

      Нормативтік құқықтық актіні өзектендіру мақсатында және көрсетілетін қызметті алушылармен өзара іс-қимыл тәртібін оңтайландыратын аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтату бөлігінде мемлекеттік қызметті нақты регламенттеу.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

     Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

Қызмет бағыты