«Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 65 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 724 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «___» _______2025 жылғы №___ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «___» _______2025 жылғы №___ бірлескен бұйрығына
| 1 | НҚА жобасының атауы
(НҚА түрін көрсете отырып) |
«Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 65 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 724 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «___» _______2025 жылғы №___ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «___» _______2025 жылғы №___ бірлескен бұйрығы |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
|
3 |
НҚА әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
1) Жоба «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 11-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес келтіру және аудиторлық іс-шаралардың сапасын арттыру мақсатында әзірленді. 2) ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің № 2025 ж. 14.02. КВГА-12-07/399-ВН «Бизнес-процестерді жаңғырту жол картасын» орындаудағы ұсынысы бойынша. 3) Құқықтық мониторинг |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 11-бабынның 1 және 3-тармақшалары аудиторлық ұйымдарда міндетті түрде ішкі бақылау ережелерінің болуы және аудиторлық іс-шаралардың сапасын арттыру бөлігінде іске асыру болып табылады. Сондай-ақ, түзетулер аудиторлық ұйымдардың әрекеттеріне шағымдану туралы өтініштерге тиімдірек жауап беруге мүмкіндік береді |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдерів
|
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1 және 3-тармақтарын аудиторлық ұйымдарда ішкі бақылау қағидаларының міндетті түрде болуы және аудиторлық іс-шаралардың сапасын арттыру бөлігінде орындау |
|
6 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.
|
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды |