«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Мемлекет басшысының 2024 жылғы 7 ақпандағы тапсырмасын іске асыру шеңберінде.
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 9 қазаңдағы № 687 бұйрығына түзетулер көзделген.

Негізгі түзетулер:

«Толық бітіріп берілген құрылыс бойынша конкурс» тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың егжей-тегжейлі тәртібімен толықтыру, оның ішінде:

- Әлеуетті өнім берушінің «Толық бітіріп берілетін құрылыс» шарты бойынша жұмыстарды орындауға келісемін (міндеттемелерін) әзірлеу;

- «Толық бітіріп берілетін құрылыс» бойынша мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын әзірлеу

 

5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері «Толық бітіріп берілетін құрылыс бойынша конкурс» тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін реттеу болып табылады.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, НҚА жобасы қабылдаған жағдайда әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар тудырмайды.