«Квазимемлекеттік сектордың ведомстволық бағынысты субъектілерінің қаржылық есептілігінің деректерімен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 «Квазимемлекеттік сектордың ведомстволық бағынысты субъектілерінің қаржылық есептілігінің деректерімен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына

 БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Квазимемлекеттік сектордың ведомстволық бағынысты субъектілерінің қаржылық есептілігінің деректерімен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 133 бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

Бұйрықтың мақсаты квазимемлекеттік сектордың ведомстволық бағынысты субъектілерінің қаржылық есептілігінің деректерімен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау тәртібін айқындау болып табылады.

Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында 2025 жылдың 31 наурызда орналыстырылды (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15503453).

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау өткізу мерзімі – 2025 жылдың
2025 жылғы 21 ақпанға дейін.