«Мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі есепті жасау, уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына (бұдан әрі – Жоба) баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен «Мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі есепті жасау, уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленді.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 135-бабын                               іске асыру үшін әзірленді.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2025 жылғы 17 наурызда орналастырылған.

Жобаны қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі 2025 жылғы 4 cәуірге дейін.