«2025 қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасына (бұдан әрі – Жоба) баспасөз релизі
«2025 қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасына (бұдан әрі – Жоба)
баспасөз релизі
Жоба Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 168-бабының 9-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 134) тармақшасын іске асыру үшін әзірленді.
Жобамен 2025 қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін айқындау көзделген.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2025 жылғы 14 наурызда орналастырылған.