Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық ) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.

Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында 2025 жылдың 5 наурызда орналыстырылды.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау өткізу мерзімі – 2025 жылдың
26 наурызына дейін.