"Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі

Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

 

 «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің толықтыру енгізу туралы бұйрығының Жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңынын талаптарына сәйкес әзірленген.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Заңы шеңберінде. (бұдан әрі - Заң) бұйрықта тәуекелдер бейіндерін өзектендіру, сондай-ақ камералдық бақылау рәсімдерінің кешіктірілуіне жол бермеу бөлігінде камералдық бақылауды жүргізу қағидаларын Заңмен сәйкестендіру көзделеді.

Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.