Баспасөз релизі «ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2020 жылғы жұмыс қорытындылары»

Баспасөз релизі

«ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының      2020 жылғы жұмыс қорытындылары»

2020 жылы  Аппелляциялық комиссияның 25 отырысы өткізілді. Онда 408 шағым қаралды, 110 тексерістің нәтижелері жойылды немесе барлық шағымдардың санынан 27% және қосымша есептелген 17,1 млрд. теңге көлеміндегі салықтар мен баждардың сомасы заңсыз деп танылды. Тексеру нәтижелерінің жойылу өсімі 2019 жылмен салыстырғанда 11% құрады (2019 жылы 99 тексеру). 3 шағым бойынша 1,3 млрд.теңге сомасында ҚҚС қайтармау заңсыз деп танылды.

Аппелляциялық комиссияның 19 отырысына салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың өкілдері қатысты. Сондай ақ,  Аппелляциялық комиссияның отырысына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентінің депутаты қатысты.

Аппелляциялық комиссия отырысының нәтижесі бойынша Кеден кодексіне әзірленген өзгертулер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар қабылданды.

Оқиға күні

05 қаңтар 2021

Оқиға түрі

Пресс-релиз