Меню

Страницы

Статья

КТС, ЖЖТ-ға күмәнді міндеттемелерді енгізу

Даудың  түрі: салықтық даулар

Салық төлеушінің санаты: заңды тұлға

Салық түрі: КТС, ҚҚС

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, резидент заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығын (КТС) және Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығын (ҚҚС)  есептеу туралы аумақтық мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – салық органы) тексеру нәтижелері туралы хабарламасына берілген «L» Компаниясының  шағымы келіп түсті.

Іс материалдарынан көрініп тұрғандай, салық органымен  2018ж. 01.01. бастап 2020ж.31.12. дейінгі кезең үшін салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығы және уақтылы төлеу мәселесі бойынша кешенді салықтық тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша 25 138,0 мың теңге сомасында КТС, 1 170,4 мың теңге өсімпұл және 224,8 мың теңге сомасында ҚҚС есептеу және 151 910,1 мың теңге мөлшерінде азайтылған залал сомасы туралы хабарлама шығарылды.

«L» Компаниясы салық органының «T» Компаниясы алдындағы берешегін күмәнді міндеттемелер бойынша табыс деп тануына байланысты есептеген 24 763,3 мың теңге сомасында КТС есептеу бөлігіндегі тұжырымдарымен келіспей, салық органы шешімінің күшін жоюды сұрайды.

Шағымда «L» Кмпаниясы мен Гонконг заңдарына сәйкес бекітілген «Т» Компаниясы арасында 2016 ж. 01.08. жабдықты жеткізу шарты (бұдан әрі - шарт), тараптар шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет ету мерзімімен жасалғаны көрсетілген. Осы Шарт бойынша «Т» Компаниясының (Кредитор) пайдасына 723 349,78 АҚШ доллары мөлшерінде берешек пайда болды.

«L» Компаниясы Тараптар 2017 ж.13.03. №1 қосымша келісім жасасу арқылы төлем шарттарына өзгерістер енгізгенін, оған сәйкес берешектің қалған сомасы Тараптар Жабдықты қабылдау актісіне қол қойғаннан кейін және Кредитор шот-фактураны алғаннан кейін, қайсысы соңғысы болатынына байланысты 5 (бес) жыл ішінде төленетінін атап өтті.

«L» Компаниясы Шарттың 20.1 тармағына сәйкес 2020 жылғы қаңтарда кредитор тарапы оған шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін үшінші тарапқа- (Біріккен Араб Әмірліктерінің заңдарына сәйкес құрылған(бұдан әрі-БАӘ)) «E» Компаниясына беру туралы хабардар еткенін көрсетеді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (ҚР АК) 345-бабында көзделген нормаларды келтіреді және кредитордың талапты басқа тұлғаға беруіне, ол заңнамаға немесе шартқа қайшы келмейтіндіктен жол беріледі деп бекітеді.

Бұдан әрі шағымда «Т» Компаниялары мен «L» Компаниясы арасында 2020ж.06.02. №LS/200206 талап ету құқықтарын берудің үш жақты шарты жасалғаны, оның 2-тармағына сәйкес «Т» Компаниясынан (Кредитор) 723 349,78 АҚШ доллары мөлшеріндегі берешекті талап ету құқығы «E» Компаниясына (жаңа кредитор) ауысатыны, онымен «L» Компаниясы келісетіні атап өтілді. Бұл жеңілдік бухгалтерлік есепте көрсетілді және өзара есептеулерді салыстырудың тиісті актілеріне қол қойылды. Бұдан басқа, «L» Компаниясы ҚР АК 341-бабында көзделген нормаларды келтіреді.

«L» Компаниясы Өзгеге беру шартының 3-тармағына сәйкес берешекті төлеу тараптармен келісілген берешекті өтеу кестесі бойынша 3 жыл ішінде жүргізіледі деп есептейді. Қазіргі уақытта берешекті өтеу кестесі жаңа кредитормен келісу сатысында тұр, тиісінше «L» Компаниясының жаңа кредитор алдындағы берешегін төлеу фактісі басталған жоқ, бұл ҚР АК 277-бабының 1-тармағына қайшы келмейді.

Бұл ретте «L» Компаниясы 25.12.2017 ж. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 230-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында және ҚР АК 180-бабының 2-тармағында көзделген нормаларды келтіреді және белгілі бір орындау мерзімі бар міндеттемелер бойынша талап қою мерзімінің өтуі шартты орындау мерзімі аяқталғаннан кейін басталады деп бекітеді.

 Салықтық тексеру актісінен келіп шығатыны, «L» Компаниясы Салық кодексінің 230-бабын бұза отырып, Гонконг заңдарына сәйкес құрылған «T» Компаниясымен, БАӘ-де тіркелген «E» Компаниясымен және «L» Компаниясымен, 2016ж.01.08. жасалған жеткізу шарты бойынша туындаған 275 726,5 мың теңге сомасындағы күмәнді міндеттемелер бойынша табысты 2020 жылғы жиынтық жылдық кіріске қоспаған.

Шағымды қарау барысында мыналар анықталды.

Салық кодексінің 226-бабының 1-тармағына сәйкес салық төлеушінің осы тармақтың 1)-25) тармақшаларында көрсетілген табыстарының барлық түрлері, оның ішінде күмәнді міндеттемелер бойынша табысы жиынтық жылдық кіріске енгізіледі.

Салық кодексінің 230-бабы 1-тармағының ережелеріне сәйкес сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ Салық кодексінің 322-бабы 1-тармағына сәйкес айқындалатын, қызметкерлердің есептелген кірістері бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелетін үш жылдық кезең ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер күмәнді деп танылады.

Осылайша, Салық кодексіне сәйкес жиынтық жылдық табысқа табыстың барлық түрлері, оның ішінде күмәнді міндеттемелер бойынша табыс қосылады.

Қарастырылып отырған жағдайда шағымға қоса берілген материалдардан «L» Компаниясы (сатып алушы) мен «Т» Компаниясы (өнім беруші) 2016ж.01.08. жеткізуге шарт (бұдан әрі – Шарт) жасағандығы анықталды.

2016 ж. 01.08. Шарттың 1-тармағына сәйкес «Т» Компаниясы қосалқы бөлшектерді қоса алғанда, жабдықты осы Шарттың 4-бабында көрсетілген және осы Шартқа №1 қосымшада көрсетілген Ерекшеліктерге сәйкес жеткізуге міндеттенеді.

«L» Компаниясы жеткізілген жабдықтың құнын төменде сипатталған шарттар бойынша төлеуге міндеттенеді.

Шарттың 3.1-тармағының 3.1.1-тармақшасына) сәйкес 20% - ке дейінгі Аванс шартқа қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде және сатып алушы өнім берушіден төлеуге арналған шотты алғаннан кейін, соңғысының басталуына байланысты төленеді.

Шарттың 3.1. тармағының 3.1.2. тармақшасына) сәйкес қалған сома Тараптар Жабдықты қабылдау актісіне қол қойғаннан кейін және сатып алушы өнім берушіден шот-фактураны алғаннан кейін, соңғысының басталуына байланысты 30 жұмыс күні ішінде төленеді. Ішінара төлемдерге жол беріледі.

Сонымен қатар, «L» Компаниясы мен «Т» Компаниясы арасында Шартқа 2017ж.13.03. №1 қосымша келісім жасалды, оған сәйкес 3.1 тармағының  3.1.2-тармақшасы) мынадай редакцияда жазылсын: «3.1.2. Қалған сома Тараптар Жабдықты қабылдау актісіне қол қойғаннан кейін және сатып алушы өнім берушіден шот-фактураны алғаннан кейін, соңғысы болып  қайсысы орындалуына байланысты 5 (бес) жыл ішінде төленеді. Ішінара төлемдерге жол беріледі».

Салықтық тексеру актісінде көрсетілгендей, бұл шарт бойынша соңғы төлем 2017 ж.03.04. жүргізілді.

«Т» Компаниясымен «Тарап-1», М. тұлғасымен, «L» Компаниясы «Тарап-2» директордың м.а. А.тұлғасымен, және «E» Компаниясы «Тарап-3», V. тұлғасымен  2020 ж.06.02. талап ету құқықтарын басқаға беру шартын (бұдан әрі – Талап ету құқықтарын басқаға беру шарты) жасағандығын атап өту жөн.

Талап ету құқықтарын беру шартының 1-тармағына сәйкес «Тарап-1» және «Тарап-2» Қосымша келісімнің 2.1-тармағының талаптары бойынша «Тарап-2» «Тарап-1-ге» төлеуге жататын 723 349,78 АҚШ доллары 78 цент мөлшерінде «Тарап-1» алдында берешегі бар екендігімен келіседі.

Талап ету құқықтарын басқаға беру шартының 2-тармағымен Тараптар 1 - Тарап өзінің қарызды талап ету құқығын жоғарыда көрсетілген сомаға 2 – Тарапқа  3 – Тарапқа береді, 2-Тарап осындай басқаға берумен келіседі. 2-Тараптың көрсетілген берешегін талап ету құқығы осы Шартқа қол қойылған күні 1-Тараптан 3-Тарапқа өтеді.

Талап ету құқықтарын беру Шартының 3-тармағына сәйкес 2-Тарап жоғарыда көрсетілген берешек сомасын 3 жыл ішінде тікелей 3 - Тарапқа, 2-Тарап және 3-Тараппен келісілген берешекті өтеу кестесі бойынша төлеуді жүргізеді.

Бұл ретте, шағымда көрсетілгендей, осы талап ету құқықтарын беру шарты 2020 ж. 06.02. жасалғанымен, қазіргі уақытта берешекті өтеу кестесі Жаңа кредитормен келісу сатысында тұр.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019ж.30.03. №42 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру ережелерінің 10-тармағына сәйкес, егер мұндай шарттың сомасы баламасында 50,0 мың АҚШ долларынан асатын болса, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт есептік тіркеуге жатады.

Қаралып отырған жағдайда, «Астана-1» АЖ деректері бойынша 2018 ж.01.04. бастап 2020ж.31.12. аралығындағы кезеңде валюталық келісімшарттар мен қосымша келісімдерді тіркеу туралы мәліметтер жоқ, яғни талап ету құқықтарын беру шарты уәкілетті органда есептік тіркеуден өтпеген.

ҚР АК 177 - бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес талап қою мерзімі-бұл адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талабының қанағаттандырылуы мүмкін уақыт кезеңі екенін атап өту керек. Бұл ретте талап қоюдың мерзімдерінің ескіруі мен оларды есептеу тәртібі заңда көзделеді және оларды Тараптардың келісімімен өзгертуге болмайды.

ҚР АК 178-бабының 1-тармағына сәйкес талап қоюдың жалпы мерзімі үш жылға белгіленеді.

Бұрын көрсетілгеніндей Салық кодексінің нормаларына сәйкес, сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелетін үш жылдық кезең ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер күмәнді деп танылады, салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.

Сонымен бірге, ҚР АК 180-бабының 2-тармағына сәйкес белгілі бір орындау мерзімі бар міндеттемелер бойынша талап қою мерзімінің өтуі шартты орындау мерзімі аяқталғаннан кейін басталады.

Жоғарыда айтылғандай, 2016ж.01.08. Шарттпен 20% мөлшерінде аванстық төлем қарастырылған, қалған сома Тараптар Жабдықты қабылдау актісіне қол қойған күннен бастап және сатып алушы жеткізушіден шот-фактураны алғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде төленеді.

Қаралып отырған жағдайда, жабдықты 2016ж.05.11. «L» Компаниясының қабылдағандығы жабдықты қабылдау актісімен расталады. Тауарларға арналған декларациялардың деректеріне сәйкес «T» Компаниясы инвойстарды 2016ж.29.09. қойды, бұл ретте соңғы төлем 2017ж.03.04. жүргізілді.

«Т» Компаниясы тарапынан «М» тұлғамен қол қойылған 2017ж.13.03. №1 Қосымша келісім жасалғанын атап өту қажет, ал ҚР ҰҚК ШҚ Бүркіт АЖ деректеріне сәйкес бұл «М» тұлға ҚР мемлекеттік шекарасын кесіп өтпеді. Бұл ретте «L» Компаниясы құжаттардың пошта арқылы берілгенін растайтын құжаттарды ұсынбаған. Осыған байланысты, бұл Қосымша келісім талап қою мерзімін есептеу кезінде назарға алынбайды.

Бұрын көрсетілгендей Салық кодексінің нормаларына сәйкес, сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша туындаған және үш жылдық кезең ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер күмәнді деп танылады, олар салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.

Баяндалғанды негізге ала отырып, салықтық тексеру нәтижелері бойынша «Т» Компаниясы алдындағы 275 726,5 мың теңге сомасындағы міндеттемелерді күмәнді деп танып және оларды табысқа жатқызғандығы дәлелді болып табылады.

Апелляциялық комиссия отырысының нәтижелері бойынша салық органының тексеру нәтижелері туралы шағымданған хабарламаны өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданды.

Дата публикации
28 декабря 2021
Дата обновления
28 декабря 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы