КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Көру саны:225
Даудың түрі: салықтық даулар
Салық төлеушінің санаты: заңды тұлға
Салық түрі: КТС, ҚҚС
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) «G» компаниясынан аумақтық мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органы) КТС, ҚҚС есептеу туралы тексеру нәтижелері туралы хабарламасына шағымы келіп түсті.
Іс материалдарынан көрініп тұрғандай, мемлекеттік кірістер органымен 01.01.2023ж. мен 31.12.2024ж. аралығындағы кезең үшін бюджетке салықтар мен басқа дa міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі және уақтылы төленуі мәселесі бойынша тақырыптық салық тексеруі жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай сектор ұйымдарының түсімдерін қоспағанда, заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығын (КТС) 40 101,9 мың теңге сомасында, өсімпұлды 14 464,6 мың теңге сомасында, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге қосылған құн салығын (ҚҚС) 13 433,2 мың теңге сомасында және өсімпұлды 5 455,3 мың теңге сомасында есептеу туралы хабарлама шығарылды.
«G» компаниясы мемлекеттік кірістер органының тұжырымдарымен келіспей, мемлекеттік кірістер органының шешімін жоюды сұраған шағыммен жүгінді.
КТС мен ҚҚС есептеуге Салық кодексінің 242-бабының 1 және 3-тармақтарының бұзылуы, яғни 2023-2024 жылдары жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша 200 509,4 мың теңге сомасындағы шығыстар, 13 433,2 мың теңге сомасындағы ҚҚС есепке негізсіз жатқызылуы негіз болды.
«G» компаниясы мемлекеттік кірістер органының бұл тұжырымдарымен келіспейді және мынадай уәждер келтіреді.
«В» компаниясымен өзара есеп айырысуларға қатысты
«G» компаниясының шағымынан салықтық тексеру нәтижелері бойынша «В» компаниясымен өзара есеп айырысулар бойынша 2023 жылғы шегерімдерден шығыстар алынып тасталғаны көрінеді, алайда «В» компаниясымен барлық өзара есеп айырысулар актіде көрсетілген мән-жайлар анықталғанға дейін орын алған.
«G» компаниясы шағымда салықтық тексеру нәтижелері бойынша «G» компаниясы мен «В» компаниясы арасындағы мәмілелер тауарлардың нақты іске асырылуынсыз жасалғаны және тексеруге ұсынылған бастапқы құжаттар табыс табуға бағытталған қызметке байланысты тауарлардың өткізілу, қызметтердің орындалу фактісін растайтын құжаттар ретінде қарастырыла алмайтыны, контрагент 15.12.2025 жылдан бастап орналасқан жерінде жоқтығы негізінде 2023 жылдың 3, 4-тоқсандары үшін ҚҚС есепке алудан алынып тасталғанын, алайда «В» компаниясымен барлық өзара есеп айырысулар актіде көрсетілген мән-жайлар анықталғанға дейін болғанын атап өтеді.
«G» компаниясы шағымда Қазақстан Республикасының 25.12.2017 жылғы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 264-бабының 5, 6-тармақтарына сілтей отырып, бұл жағдайда сот шешімдері жоқ екенін, мемлекеттік кірістер органы мәмілелердің жалған екенін негізсіз көрсеткенін атап өтеді.
Салықтық тексеру актісінен «G» компаниясы Салық кодексінің 242, 400-баптарын бұза отырып, «В» компаниясынан жұмыстарды сатып алу бойынша 2023 жыл үшін 111 943,7 мың теңге сомасындағы шығыстарды және 2023 жылдың 3, 4-тоқсандары үшін 13 433,2 мың теңге сомасындағы ҚҚС-ты есепке алуға негізсіз жатқызғаны көрінеді.
Шағымды қарау барысында төмендегілер анықталды.
Салық кодексінің 242-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес салық төлеушінің табыс табуға бағытталған қызметті жүзеге асыруына байланысты шығыстары, егер Салық кодексіне сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстар болып табылмаса, салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерімге жатады.
Шегерімдерді салық төлеуші табыс табуға бағытталған оның қызметіне байланысты, осындай шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде нақты шектелген шығыстар бойынша жүргізеді.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақ кезеңдердің шығыстары олар қатысты болатын салық кезеңінде шегерімге жатады.
Салық кодексінің 369-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес салық салынатын айналым Салық кодексінің 370-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша жасалатын айналым болып табылады.
Салық кодексінің 372-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды өткізу жөніндегі айналым, оның ішінде тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде тауарды сатуды, тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу шарттарымен және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге айырбастау арқылы беруді білдіреді.
Салық кодексінің 400-бабының 1-тармағына сәйкес Салық кодексінің 367-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес ҚҚС төлеуші болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді алушының есепке жатқызатын ҚҚС сомасы, егер олар салық салынатын өткізу айналымы мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген шарттар орындалған жағдайда, алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төленуге жататын ҚҚС сомасы болып табылатыны айқындалған.
ҚҚС-ты есепке жатқызу үшін негіздеме Салық кодексінің 400-бабына сәйкес шот-фактура болып табылатынын атап өткен жөн.
Бұл ретте барлық ҚҚС төлеушілер үшін міндетті құжат болып табылатын шот-фактураны жазып беру Салық кодексінің 412-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Салық кодексінің 412-бабының 12-тармағында шот-фактура зады тұлғалар үшін – атауы мен ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген мөрмен, сондай-ақ басшының және бас бухгалтердің қолдарымен расталатыны көзделген.
Шот-фактураны салық төлеушінің шешімімен оған уәкілеттік берілген қызметкердің қолымен де растауға болады.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 190-бабының 3-тармағында салық есебі бухгалтерлік есеп деректеріне негізделетіні белгіленген. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасымен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң) 1-бабының 2)-тармақшасымен бастапқы есеп құжаттары – операцияның немесе оқиғаның жасалған фактісінің және оны жасау құқығының қағаз жеткізгіште де, электрондық жеткізгіште де құжаттамалық дәлелдемесі болып табылатыны, оның негізінде бухгалтерлік есеп жүргізілетіні анықталған.
Бухгалтерлік есеп туралы заңның 7-бабының 2 және 3-тармақтарында операцияларды немесе оқиғаларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы құжаттардың нысандары немесе талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органмен және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілетіні көрсетілген.
Нысандары немесе талаптары бекітілмеген бастапқы құжаттарды дара кәсіпкерлер мен ұйымдар өз бетінше әзірлейді не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген нысандарды немесе талаптарды қолданады, не Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген жеке тұлғалар – бейрезиденттер немесе заңды тұлғалар – бейрезиденттер ұсынған, осы тармақтың 3-тармағының 1)-7) тармақшаларында көрсетілген міндетті деректемелерді қамтуға тиіс нысандарды есепке алуға қолданады.
Бухгалтерлік есеп туралы заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес бастапқы құжаттар операция немесе оқиға жасалған сәтте немесе ол аяқталғаннан кейін бірден жасалуы тиіс.
Осылайша, салық төлеушінің шығыстары, егер тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шығыстар табыс табуға бағытталған болса, шығыстарға жатқызуға жатады. ҚҚС, егер тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шығыстар салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса, сондай-ақ тиісті құжаттармен расталса, есепке жатқызуға жатады. Бұл ретте Салық кодексінің нормаларына сәйкес салық есебі бухгалтерлік есеп деректеріне негізделеді, бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасымен белгіленеді.
Салық кодексінің 143-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес қарсы тексеру салық органымен салық органымен кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізілетін салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларды, осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу, операциялардың фактісі мен мазмұнын растау мақсатында, көрсетілген салық төлеушіні (салық агентін) тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша салық органының тексеруі болып табылатынын атап өткен жөн.
Қарсы тексеру кешенді немесе тақырыптық тексеруге қатысты қосалқы болып табылады.
Қаралып отырған жағдайда салықтық тексеру нәтижелері бойынша «В» компаниясымен жұмыстарды сатып алу (ясли-бақшаның ғимараты мен аумағына күрделі жөндеу) бойынша өзара есеп айырысулар бойынша 2023 жылғы шығыстар 111 943,7 мың теңге сомасында және 2023 жылдың 3, 4-тоқсандары үшін 13 433,2 мың теңге сомасындағы ҚҚС есептен шығарылып тасталды.
«В» компаниясы мемлекеттік кірістердің аумақтық органында тіркеу есебінде тұрады. Қызмет түрі – арнайы біліктілікті қажет ететін өзге де құрылыс жұмыстары.
СӘБЖ деректері бойынша «В» компаниясында 2023 жылы залал 94,7 мың теңгені құрады, жұмыскерлердің орташа жылдық саны 13 адамды құрайды, мүлік салығы, көлік құралдары салығы, жер салығы бойынша декларацияларға (ф.700.00) сәйкес 2022-2024 жылдары жылжымайтын мүлік, көлік құралдары болмаған.
Қосымша ақпарат алу мақсатында мемлекеттік кірістер органымен «G» компаниясымен өзара есеп айырысуларды растау мақсатында мемлекеттік кірістердің аумақтық органына қарсы салықтық тексеру жүргізуге 10.11.2025 жылғы сұрау жіберілді, ол «В» компаниясының заңды мекенжайы бойынша болмауына байланысты тоқтатылды.
«G» компаниясы мен «В» компаниясы арасында жасалған 01.01.2023 жылғы шарттың (бұдан әрі – 01.01.2023 жылғы шарт) 1.1-тармағына сәйкес «В» компаниясы «G» компаниясынын тапсырмасы бойынша «Ясли сақтың ғимараты мен аумағына күрделі жөндеу» объектісінде жалпы құрылыс жұмыстарын орындауға, ал «G» компаниясы оны қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.
01.01.2023 жылғы шарттың 2.1-тармағына сәйкес жұмыс құны жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес 104 092,5 мың теңгені құрайды.
Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің нысаны (ф.Р-1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.12.2012 жылғы №562 бұйрығымен (бұдан әрі – №562 Бұйрық) бекітілгенін атап өту қажет, онда толтыруға жататын 2-баған «Жұмыстардың (қызметтердің) атауы (техникалық спецификацияға, тапсырмаға, жұмыстарды (қызметтерді) орындау кестесіне сәйкес олардың түршелері бөлінісінде, олар болған кезде)» көзделген.
Демек, орындалған жұмыстар, орындалған жұмыстар актісінде көрсетілген қызметтер техникалық спецификацияға сәйкес жұмыстардың, қызметтердің түрлерін (түршелерін) көрсетуге, сондай-ақ операция жасалған фактіні куәландыратын есепті қамтуға тиіс.
Қаралып отырған жағдайда «G» компаниясы шағымға 2023 жылғы 26 желтоқсандағы орындалған жұмыстар актісін қоса берді, онда «Жұмыстардың (қызметтердің) атауы (техникалық спецификацияға, тапсырмаға, жұмыстарды (қызметтерді) орындау кестесіне сәйкес олардың түршелері бөлінісінде, олар болған кезде)» графасында жұмыстардың түрлерін (түршелерін) көрсетпей, ясли бақтың ғимараты мен аумағына күрделі жөндеу көрсетілген. Бұл актідегі жұмыс құны 2 450,7 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ «G» компаниясы шағымға орындалған құрылыс жұмыстары мен шығындардың құны туралы анықтамаларды және орындалған жұмыстарды қабылдау актілерін қоса берді, олардың нысаны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 19.03.2015 жылғы №229 бұйрығымен бекітілген Тапсырысшының (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларымен (бұдан әрі – №229 Қағидалар) көзделген.
Орындалған құрылыс жұмыстары мен шығындардың құны туралы анықтаманың нысаны жұмыстардың көлемін, сипатын, кезеңдерін көрсетпей, тек орындалған жұмыстар мен шығындардың құнын көрсететін графаларды толтыруды көздейтінін атап өткен жөн.
Бұл ретте, ұсынылған орындалған жұмыстарды қабылдау актілеріне сәйкес (шілде-қыркүйек, қараша 2023ж., №№1, 2, 3, 4, 5, 6, 7) «В» компаниясымен мынадай жұмыстарды орындағаны мәлімделген:
- Есік және қақпа ойықтарын ағашпен толтыру. Бөлшектеу. – 344 м2;
- Линолеум және релин едендер. Жабынды бөлшектеу. – 1 873 м2;
- Керамикалық плиткалардан жасалған едендер. Жабынды бөлшектеу – 778,8 м2;
- Тақтай едендер. Жабынды бөлшектеу. – 709,7 м2;
- Ішкі қабырғалар. Беттерді қалыңдығы 10 мм-ге дейін гипс негізіндегі құрғақ қоспалармен сылақтау. – 7 845,2 м2;
- Қалыңдығы 20 мм цементті стяжкалар. Құрылғы. – 2 520,4 м2;
- Цементті стяжкалар. Құрылғы. – 2 839,8 м2;
- Минватадан немесе шыны талшықтан жасалған плиталардан немесе маттардан жасалған тұтас жылу және дыбыс оқшаулау. Құрылғы. – 1 172,5 м2;
- Керамикалық глазурленген плиталардан қабырғаларды қаптау. Бөлшектеу. – 1 367,5 м2;
- Қалыңдығы 20 мм цементті стяжкалар. Демонтаж. – 1 257,3 м2;
- Мрамор плиталарының сынықтарынан жасалған мозаикалық жабындар («Брекчия» типі). Демонтаж. – 277,1 м2;
- Кірпіштен жасалған қабырғалар қарапайым. Тас қалауын бөлшектеу. – 2,48 м2;
- Төбелер. Демонтаж. – 124,6 м2;
- ПВХ қалқаларын демонтажын жасау – 18 м2;
- Төбелерді гипсокартон парақтарымен қаптау. Бөлшектеу. – 197,4 м2;
- Төбелер. Ішкі беттерін гипс негізіндегі құрғақ қоспалармен өңдеу. – 4 254,8 м2;
- Ағаш және пластмасса материалдарынан жасалған плинтустар. Бөлшектеу. – 3 933,36 м;
- Керамогранит плинтустары. Құрылғы. – 461 м;
- Қабырғалар. Дайын негіз бойынша құрғақ қоспалардан жасалған желімге керамикалық плиткалармен қаптау. – 870,1 м2;
- Линолеум едендері. Құрылғы. – 1 078,29 м2;
- Құрғақ қоспалардан жасалған желімге керамогранит плиталарынан жасалған жабындар. – 474,38 м2;
- Құрғақ қоспалардан жасалған желімге көп түсті немесе бір түсті плиткалардан жасалған жабындар. Құрылғы. – 291,66 м2;
- Поливинилхлоридті плинтустар. Өздігінен бұрап тұратын бұрандаларға орнату – 1 460 м;
- Керамикалық плиткалардан жасалған плинтустар. – 51 м;
- Бір жақтаулы болат есік блоктары. Бетон қабырғаларға орнату – 26,556 м2;
- Ішкі қабырғалар мен қалқалардағы алаңы 3 м2 дейінгі есік ойықтары. Блоктарды аралық дюбельдерге орнату. – 240,66 м2;
- Бояуға дайындалған төбелер. Құрама конструкциялар бойынша жақсартылған поливинилацетатты су эмульсиялық құрамдармен бояу – 2 635,0 м2;
- Төбелер. Металл қаңқа бойынша минералды талшықтан жасалған плиталармен қаптау. – 238 м2;
- Қабырғалар. Сылақ бойынша жақсартылған поливинилацетатты су эмульсиялық құрамдармен бояу – 5 464,9 м2;
- Сатылар мен көтергіштер. Керамогранит плиткаларымен қаптау. – 129,6 м2;
- Қабырғалар. Тұтас. ПС-профильден жасалған бірдей металл қаңқа бойынша гипсокартон парақтарының бір қабатымен қаптау – 501 м2;
- Бояуға дайындалған қабырғалар. Құрама конструкциялар бойынша жоғары сапалы поливинилацетатты су эмульсиялық құрамдармен бояу – 865,3 м2;
- Бетон конструкцияларындағы ойықтар. Тесу. – 1 469 м3;
- Қалыңдығы 2 мм битум мастикасымен сылақпен оқшаулау. Бір қабатта орнату. – 420,92 м2;
- Терезе және есік беткейлері. Қалыңдығы 7 мм құрғақ қоспалармен ішкі беттерін сылақтау. – 36 м2;
- Есік және терезе ойықтарының беткейлері. Желімге гипсокартон парақтарымен қаптау. – 643,7 м;
- Қалыңдығы ½ кірпіш арматураланған қалқалар. Қабат биіктігі 4 м дейін болғанда қалау. – 48 м2;
- Қаңқа қабырғалары. Древесно-стружечные плиталарымен қаптау. – 26 м2;
- Ғимараттардың ішіндегі қабырғалар. Тас пен бетон бойынша жақсартылған әктас ерітіндісімен сылақ. – 128 м2;
- Жалюзи торлары, жарық алаңы 0,5 м2 дейін. Орнату. – 30 тор.
Сонымен қатар ИС ЭСФ деректеріне сәйкес «В» компаниясы қабырғаларды шпаклевкалау, төбелерді сылақтау, стяжка құру, қоқысты шығарумен бөлшектеу жұмыстары; кірпіш қалау; қабырғаларды бояу; гипсокартон орнату; төбе орнату; стяжка құру; қабырғаларды шпаклевкалау, қабырғаларды сылақтау және т.б. жұмыстарды сатып алды, сондай-ақ құрылыс материалдарын, құрал-саймандарды, құрылыс қоспаларын сатып алды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «G» компаниясының «В» компаниясымен өзара есеп айырысулары бойынша құжаттары операциялардың жасалған фактісі туралы сенімді куәландыра алады және бухгалтерлік есепте осындай операциялардың адекватты көрінісін қамтамасыз ете алады және тиісінше Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелеріне сәйкес шығыстарды шегерімге жатқызу үшін негіздеме бола алады.
Осылайша, салықтық тексеру нәтижелері бойынша «В» компаниясымен өзара есеп айырысулар бойынша 2023 жыл үшін 111 943,7 мың теңге сомасындағы шығыстарды және 2023 жылдың 3, 4-тоқсандары үшін 13 433,2 мың теңге сомасындағы ҚҚС-ты шегерімдерден шығарып тастау негізсіз болып табылады.
«К» компаниясымен өзара есеп айырысуларға қатысты
Шағымда еңбек ресурстарының, материалдық-техникалық базаның болмауы себепті «К» компаниясымен өзара есеп айырысулар бойынша шығыстар да шегерімдерден алынып тасталғаны атап өтілген.
Сондай-ақ «G» компаниясы сот шешімдерінің жоқтығын көрсетеді, осыған байланысты мемлекеттік кірістер органы мәмілелердің жалған екенін негізсіз көрсетті деп санайды.
Салықтық тексеру актісінен «G» компаниясы Салық кодексінің 242-бабын бұза отырып, «К» компаниясынан жұмыстарды сатып алу бойынша 2023 жыл үшін 19 348,7 мың теңге сомасындағы шығыстарды шегерімге негізсіз жатқызғаны көрінеді.
Шағымды қарау барысында төмендегілер анықталды.
Қаралып отырған жағдайда салықтық тексеру нәтижелері бойынша «К» компаниясынан жұмыстарды сатып алу (жалпы құрылыс жұмыстары: қалқаларды сылақтау, монолитті жұмыстар) бойынша «К» компаниясымен өзара есеп айырысулар бойынша 2023 жыл үшін 19 348,7 мың теңге сомасындағы шығыстар шегерімдерден алынып тасталды.
«К» компаниясы Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Павлодар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер аумақтық органында 04.07.2018 жылдан 30.12.2025 жылға дейін дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрды. Қызмет түрі – сылақ жұмыстары.
İSNА деректері бойынша «К» компаниясының 2023 жылғы табысы 67 759,8 мың теңгені құрады, қызметкерлердің орташа жылдық саны 1 адамды құрайды, 2023 жылға арналған мүлік салығы, көлік құралдары салығы, жер салығы бойынша декларация (ф.700.00) ұсынылмаған.
Жоғарыда келтірілгендерден «К» компаниясында жоғарыда аталған жұмыстарды орындау үшін материалдық-еңбек ресурстары жоқ екені көрінеді.
Бұл ретте салықтық тексеру барысында «К» компаниясының да, оның жеткізушілерінің де салық есептілігі нысандарына, электрондық шот-фактураларына талдау жасалды, соның нәтижесінде «К» компаниясы жоғарыда аталған жұмыстарды сатып алмағаны анықталды.
«G» компаниясы мен «К» компаниясы арасында жасалған 01.08.2023 жылғы шарттың (бұдан әрі – 01.08.2023 жылғы шарт) 1.1-тармағына сәйкес «К» компаниясы «G» компаниясының тапсырмасы бойынша «120 орындық мектеп құрылысы» объектісінде жалпы құрылыс жұмыстарын орындауға, ал «G» компаниясы оны қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.
01.08.2023 жылғы шарттың 2.1-тармағына сәйкес жұмыс құны 19 348,7 мың теңгені құрайды.
Жоғарыда көрсетілгендей, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің нысаны №562 Бұйрықпен бекітілген, орындалған жұмыстар, орындалған жұмыстар актісінде көрсетілген қызметтер техникалық спецификацияға сәйкес жұмыстардың, қызметтердің түрлерін (түршелерін) көрсетуге, сондай-ақ операция жасалған фактіні куәландыратын есепті қамтуға тиіс.
Қаралып отырған жағдайда салықтық тексеру барысында да, шағымды қарау үшін де «G» компаниясы жоғарыда аталған жұмыстар бойынша орындалған жұмыстар актілерін ұсынбаған.
Бұл ретте «G» компаниясы жұмыстардың көлемін, сипатын, кезеңдерін көрсетпей, тек орындалған жұмыстар мен шығындардың құнын көрсететін орындалған құрылыс жұмыстары мен шығындардың құны туралы анықтамаларды қоса берді.
Сондай-ақ орындалған жұмыстарды қабылдау актілері ұсынылған, онда «Жұмыстар мен шығындардың атауы» графасында – Жалпы құрылыс жұмыстары: қалқаларды сылақтау, монолитті жұмыстар деп көрсетілген. Бұл ретте «Өлшем бірлігі» графасында – қызмет, «Саны» графасында – 1 деп көрсетілген. Жұмыс құны «Құрылысшы жұмысшылардың жалақысы» графасында көрсетілген. Тиісінше, ұсынылған актілерде орындалған сылақ және монолитті жұмыстардың көлемі мен бірлік құны көрсетілмеген.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 02.05.2012 жылғы №170 бұйрығымен Орындалған жұмыстарды қабылдау актісінің (КС-2) және Орындалған жұмыстар мен шығындардың құны туралы анықтаманың (КС-3) нысандары бекітілгенін көрсету қажет.
Бұл ретте Орындалған жұмыстарды қабылдау актісі (КС-2) мердігердің белгілі бір құрылыс-монтаж жұмыстары көлемін орындағанын және оны тапсырысшының қабылдағанын растайтын құжат болып табылады. Актінің нысаны объект атауын, орындалған жұмыстар тізбесін, жұмыс көлемдерін, өлшем бірліктерін, жұмыс құнын, орындау кезеңін, тараптардың қолдарын көрсетуді көздейді.
Сондай-ақ Орындалған жұмыстар мен шығындардың құны туралы анықтама (КС-3) белгілі бір кезең үшін орындалған жұмыстардың құнын көрсететін қаржылық құжат болып табылады. Нысан КС-2 негізінде жасалады және жұмыстардың жалпы құнын, мердігердің шығындарын, төленуге тиіс соманы, құрылыс кезеңдері бойынша мәліметтерді қамтиды.
Қаралып отырған жағдайда «К» компаниясының «G» компаниясының атына орындаған құрылыс жұмыстары бойынша КС-2 және КС-3 нысандары салықтық тексеру барысында да, шағымды қарау үшін де ұсынылмаған.
Қазақстан Республикасының 16.05.2014 жылғы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) 17-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жеке және зады тұлғалар жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) бастау және кейіннен жүзеге асыру үшін қолданыстағы рұқсаты болуға не осы Заңда белгіленген тәртіппен хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға хабарлама жіберуге міндетті екенін көрсету қажет. Жеке және заңды тұлғалардың осы Заңмен рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсат алмай не тиісті хабарлама жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді. Рұқсатты жеке немесе заңды тұлғалар алуы тиіс және қолданыста болуы тиіс, ал хабарламаны жеке немесе заңды тұлға осы Заңмен рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекетті (операцияны) бастағанға дейін жіберуі тиіс.
Рұқсаттар туралы заңның 17-бабының 6-тармағына сәйкес осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда рұқсаттар мен хабарламалардың түпкілікті тізбелері көзделеді.
Рұқсаттар туралы заңының 1-қосымшасының «Бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесі» 6-тармақшасымен ғимараттар мен құрылыстардың несуші және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызу жөніндегі қызмет, оның ішінде объектілерді күрделі жөндеу және қайта құру құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензияның болуын талап ететіні көзделген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 16.07.2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Құрылыс қызметі туралы заң) 65-бабының 3-тармағына сәйкес құрылыста мердігерлік жұмыстарды орындайтын мердігерлер Қазақстан Республикасының аумағында тиісті сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметі түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар (соның ішінде бірлескен кәсіпорындар) бола алады.
Қаралып отырған жағдайда «Е-лицензирование» «Мемлекеттік базасы» АЖ мәліметтеріне сәйкес «К» компаниясының құрылыс-монтаж жұмыстарына (монолитті жұмыстарға) лицензиясы жоқ.
Сонымен қатар ИС ЭСФ деректері бойынша «К» компаниясы «G» компаниясына жұмыс орындау кезеңінде «М» компаниясына (9 қабатты тұрғын үйдегі жалпы құрылыс жұмыстары), «С» компаниясына (ғимаратты бөлшектеу/сүру жұмыстары) да жұмыстар орындаған.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «G» компаниясының «К» компаниясымен өзара есеп айырысулары бойынша құжаттары операциялардың жасалған фактісі туралы сенімді куәландыра алмайды және бухгалтерлік есепте осындай операциялардың адекватты көрінісін қамтамасыз ете алмайды және тиісінше Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелеріне сәйкес шығыстарды шегерімге жатқызу үшін негіздеме бола алмайды.
Осылайша, салықтық тексеру нәтижелері бойынша «К» компаниясымен өзара есеп айырысулар бойынша 2023 жыл үшін 19 348,7 мың теңге сомасындағы шығыстарды шегерімдерден шығарып тастау негізді болып табылады.
«Р» компаниясымен өзара есеп айырысуларға қатысты
Шағымда «Р» компаниясымен өзара есеп айырысулар бойынша шығыстар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің нақты іске асырылуынсыз мәмілелердің жасалуы, еңбек ресурстарының, материалдық-техникалық базаның болмауы себепті шегерімдерден алынып тасталғаны атап өтілген.
Сондай-ақ «G» компаниясы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 07.07.2016 жылғы №6 Нормативтік қаулысының ережелеріне сілтей отырып, «G» компаниясы мен «Р» компаниясы арасындағы сот шешімдерінің жоқтығын көрсетеді, осыған байланысты мемлекеттік кірістер органы мәмілелердің жалған екенін негізсіз көрсетті деп санайды.
Салықтық тексеру актісінен «G» компаниясы Салық кодексінің 242-бабын бұза отырып, 2024 жыл үшін «Р» компаниясынан жұмыстарды сатып алу бойынша 69 217,0 мың теңге сомасындағы шығыстарды шегерімге негізсіз жатқызғаны көрінеді.
Шағымды қарау барысында төмендегілер анықталды.
Қаралып отырған жағдайда салықтық тексеру нәтижелері бойынша «Р» компаниясынан жұмыстарды сатып алу (коммерциялық үй-жайлары бар 9 қабатты тұрғын үй құрылысы) бойынша өзара есеп айырысулар бойынша 2024 жыл үшін 69 217,0 мың теңге сомасындағы шығыстар шегерімдерден алынып тасталды.
«Р» компаниясы мемлекеттік кірістердің аумақтық органында 26.12.2023 жылдан 02.04.2026 жылға дейін дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрды. Қызмет түрі – сылақ жұмыстары.
ИСНА деректері бойынша «Р» компаниясының 2024 жылғы табысы 69 217,0 мың теңгені құрады, қызметкерлердің орташа жылдық саны 1 адамды құрайды, 2023 жылға арналған мүлік салығы, көлік құралдары салығы, жер салығы бойынша декларация (ф.700.00) ұсынылмаған.
Жоғарыда келтірілгендерден «Р» компаниясында жоғарыда аталған жұмыстарды орындау үшін материалдық-еңбек ресурстары жоқ екені көрінеді.
Бұл ретте салықтық тексеру барысында «Р» компаниясының да, оның жеткізушілерінің де салық есептілігі нысандарына, электрондық шот-фактураларына талдау жасалды, соның нәтижесінде «Р» компаниясы жоғарыда аталған жұмыстарды сатып алмағаны анықталды.
«G» компаниясы мен «Р» компаниясы арасында жасалған 22.11.2024 жылғы шарттың 1.1-тармағына сәйкес «Р» компаниясы «G» компаниясының тапсырмасы бойынша «Коммерциялық үй-жайлары бар 9 қабатты тұрғын үй құрылысы» объектісінде жалпы құрылыс жұмыстарын орындауға, ал «G» компаниясы оны қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.
«G» компаниясы мен «Р» компаниясы арасында жасалған 21.10.2024 жылғы шарттың 1.1-тармағына сәйкес «Р» компаниясы «G» компаниясының тапсырмасы бойынша «9 қабатты бір кіреберісті көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы» объектісінде жалпы құрылыс жұмыстарын орындауға, ал «G» компаниясы оны қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.
«G» компаниясы мен «Р» компаниясы арасында жасалған 12.09.2024 жылғы шарттың 1.1-тармағына сәйкес «Р» компаниясы «G» компаниясының тапсырмасы бойынша «9 қабатты үш кіреберісті көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы» объектісінде жалпы құрылыс жұмыстарын орындауға, ал «G» компаниясы оны қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.
Бұған дейін орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің нысаны №562 Бұйрықпен бекітілгені, орындалған жұмыстар, орындалған жұмыстар актісінде көрсетілген қызметтер техникалық спецификацияға сәйкес жұмыстардың, қызметтердің түрлерін (түршелерін) көрсетуге, сондай-ақ операция жасалған фактіні куәландыратын есепті қамтуға тиіс екендігі атап өтілді.
Қаралып отырған жағдайда салықтық тексеру барысында да, шағымды қарау үшін де «G» компаниясы жоғарыда аталған жұмыстар бойынша орындалған жұмыстар актілерін ұсынбаған.
Бұл ретте «G» компаниясы жұмыстардың көлемін, сипатын, кезеңдерін көрсетпей, тек орындалған жұмыстар мен шығындардың құнын көрсететін орындалған құрылыс жұмыстары мен шығындардың құны туралы анықтамаларды қоса берді.
Осы анықтамалардың деректері бойынша «Коммерциялық үй-жайлары бар 9 қабатты тұрғын үй құрылысы» объектісіндегі жұмыстар 2024 жылғы қараша мен желтоқсан аралығында, «9 қабатты бір кіреберісті көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы» объектісінде 2024 жылғы қазанда, «9 қабатты үш кіреберісті көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы» объектісінде 2024 жылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығындағы кезеңде жүргізілді.
Жоғарыда көрсетілгендей, ЭШФ АЖ деректері бойынша «Р» компаниясы «G» компаниясымен өзара есеп айырысу кезеңінде жоғарыда аталған жұмыстарды сатып алмаған, қызметкерлер саны – 1 адам.
Сондай-ақ орындалған жұмыстарды қабылдау актілері ұсынылған, онда «Жұмыстар мен шығындардың атауы» графасында – Жалпы құрылыс жұмыстары: қалқаларды сылақтау, монолитті жұмыстар деп көрсетілген. Бұл ретте «Өлшем бірлігі» графасында – қызмет, «Саны» графасында – 1 деп көрсетілген. Жұмыс құны «Құрылысшы жұмысшылардың жалақысы» графасында көрсетілген. Тиісінше, ұсынылған актілерде орындалған сылақ және монолитті жұмыстардың көлемі мен бірлік құны көрсетілмеген.
Сондай-ақ жоғарыда КС-2 және КС-3 нысандары жұмыстардың орындалу фактісін растау және орындалған жұмыстардың құнын растау үшін негіздеме болып табылатыны көрсетілген.
Қаралып отырған жағдайда «Р» компаниясының «G» компаниясының атына орындаған құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша КС-2 және КС-3 нысандары салықтық тексеру барысында да, шағымды қарау үшін де ұсынылмаған.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «G» компаниясының «Р» компаниясымен өзара есеп айырысулары бойынша құжаттары операциялардың жасалған фактісі туралы сенімді куәландыра алмайды және бухгалтерлік есепте осындай операциялардың адекватты көрінісін қамтамасыз ете алмайды және тиісінше Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелеріне сәйкес шығыстарды шегерімге жатқызу үшін негіздеме бола алмайды.
Осылайша, салықтық тексеру нәтижелері бойынша «Р» компаниясымен өзара есеп айырысулар бойынша 2024 жыл үшін 69 217,0 мың теңге сомасындағы шығыстарды шегерімдерден шығарып тастау негізді болып табылады.
Апелляциялық комиссия отырысының нәтижелері бойынша – тексеру нәтижелері туралы дауласып отырған хабарламаны 111 943,7 мың теңге сомасындағы шығыстарды шегерімдерден, 13 433,2 мың теңге сомасындағы ҚҚС есептен шығарып тастау бөлігінде жою, ал қалған бөлігінде өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды.
19 қазан 2026
19 қазан 2026