Ағымдағы жылдың 14-18 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі К.Б. Арыстанбекова Атырау және Маңғыстау облыстарында мемлекеттік кірістер, мемлекеттік қазынашылық, ішкі мемлекеттік аудит, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінің қызметкерлерімен, сондай-ақ Атырау облысының Мақат, Жылыой аудандарының, Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия аудандарының мемлекеттік кірістер және қазынашылық басқармаларының, Тәжен және Құрық кеден бекеттерінің қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп нормаларын сақтау, еңбек тәртібін нығайту, қызметтік жауапкершілікті арттыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, кездесуде мемлекеттік қызметшілер үшін маңызды бірқатар бағыттарға ерекше назар аударылды:
🔹 Цифрлық әдептілік – ақпараттық кеңістіктегі мінез-құлық мәдениеті, әлеуметтік желілерді жауапкершілікпен пайдалану және цифрлық гигиена талаптарын сақтау;
🔹 Уақытты тиімді басқару– жұмыс процесін тиімді ұйымдастыру, қызметтік міндеттерді сапалы әрі уақтылы орындау дағдыларын жетілдіру;
🔹 «Заң және тәртіп» қағидаты – заңдылықты сақтау, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау, құқықтық мәдениет пен тәртіптілікті арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу;
🔹 Әдеп нормаларын сақтау – Әдеп кодексінің талаптарын бұлжытпай орындау және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру.
Мемлекеттік қызметтегі жоғары кәсіби мәдениет, әдеп стандарттарын сақтау және «Заң және тәртіп» қағидатын берік ұстану – әрбір мемлекеттік қызметшінің маңызды міндеті.