Салықтық және кедендік дауларды қарау бойынша Апелляциялық комиссия 2026 жылдың 1 жартыжылдығында 20 отырыс өткізді және салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылардың 120 шағымы қаралды.
Қаралған 120 шағымның 43-і (36%) толықтай немесе бір бөлігі бизнес-қоғамдастықтарының пайдасына шешілді.
Бизнес-қоғамдастықтарының пайдасына шешілген тексеру нәтижелерінің үлес салмағының өсуі, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайыздық тармаққа ұлғайды (31% - дан 36% - ға дейін).
Аппеляциялық комиссияның отырысына салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың 196 өкілдері қатысты және Апелляциялық комиссияның мүшелеріне тікелей өздерінің дәлелдерін жеткізді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 1 149 шешім орналастырылды, соның ішінде 2026 жылдың 1 жартыжылдығында 33 шешім орналастырылды.
Бұдан басқа, сол шешімдер «Қазақстандағы салықтар», «Есеп KZ» және «ПАРАГРАФ» және Қазақстан кедендік делдалдарының (өкілдерінің) ассоциациясы бизнес-қоғамдастықтарының интернет-ресурстарында орналастырылды.