Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді.
Қағиданың 336-тармағына сәйкес объект материалдық емес актив анықтамасына жауап беру үшін ол материалдық емес активті тану өлшемдеріне, яғни сәйкестендірімділікке, ресурстарды басқаруға және болашақ экономикалық пайданың болуына жауап беруі тиіс.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 шілдедегі
№ 281 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарына сәйкес 2710 шоты «Материалдық емес активтер».
Бұл есепке 2711 «Бағдарламалық қамтамасыз ету», мұнда мекеме өз қызметiнде бiр жылдан аса қолдануға болжанатын компьютерлiк бағдарламалық қамтамасыз ету және дерекқор, техникалық тасығыштардағы бағдарламалар есепке алынады. Бұл қосалқы шотта сондай-ақ жүйелiк, стандартты және қолданбалы бағдарламалық құралдар, компьютерлiк бағдарламалар, жүйелi және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету үшiн бағдарламалар сипаттамасы және көмекшi материалдар есепке алынады. Бұл қосалқы шотта бағдарламалық басқаруы бар машиналар мен құрал-жабдықтың бағдарламалық қамтамасыздандыруы, компьютердiң операциялық жүйесi есепке алынбайды;
Осыған байланысты, Касперскийдің лицензиялық антивирустық бағдарлама қызмет ету мерзімі 1 жылдан кем ағымдағы шығындарға есептелінеді және материалдық емес актив ретінде танылмайды.