Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.

Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек. Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады. 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті

№

р/с

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1.

Әкімшілік-құқықтық бөлімнің басшысы

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелердің,  квазимемлекеттік секторы субъектілерінің, оның ішінде мемлекеттік сатып алу қатысушысының, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларының  қазынашылық қолдау барысында құжаттамаларын жүргізу; ММ/КСС/МСА/ҚҚО кодтарын, шоттарын, қолма–қол ақшаны бақылау шоттарын ашу/жабу және жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау жасау (3.6., 3.7.тт.);

Департамент қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша анықтамалар, қорытындылар, кеңестер беру (3.15т.);

Бөлім қызметкерлерінің қызметтік өкілеттіктерінің көлемі мен сипаттарын айқындау; бөлім қызметкерлері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу бойынша  жұмыстарды жүзеге асыру; бөлім қызметкерлеріне мапаттау, тәртіптік жаза қолдану жөнінде Департамент басшылығына ұсыныс енгізу; бөлім қызметкерлерімен еңбек тәртібі мен орындаушылық тәртіпті сақтау, жұмысты ұйымдастыруда басшылық ету (3.9 - 3.12.тт).

Кодтарды ашып/жабу және шоттарды, қолма–қол ақшаны бақылау шоттарын ашушы, сондай-ақ, құжаттамаларын жүргізу үшін құжат ұсынушы заңды тұлғалардың мүддесіне қарай тиімді шешім қабылдауға ықпал ету;

 

 

 

 

 

 

Фактілерді бағалауды бұрмалайтын дәйексіз мәліметтерді ұсыну мүмкіндігі

 

Бөлім қызметкерлерінің қызметтік өкілеттіктерінің көлемін біркелкі бөлмеу; «Ыңғайлы» немесе «ыңғайсыз» жағдайлар жасау, қызметке лайықты игіліктерді іріктеп беру мүмкіндігі;

2.

Қаржылық  қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Бюджеттік жоспарлау;

Еңбекақыны төлеу қорының дұрыс әрі уақытылы шығындалуын, еңбекақының, сыйақылардың барлық түрлерінің, үстемеақының, қосымша төлемдердің, жәрдемақылардың есептелуін, белгіленген штаттық бірлік лимиті мен лауазымдық қызметақының сақталуын бақылау (3.17т.);

 

Бөлім қызметкерлерінің өкілеттіліктері мен функционалдық міндеттерін айқындау (3.3т.).

Бюджеттік өтінімге қаражаттың артық бөлінуіне әсер ететін мәліметтер қосу мүмкіндігі;

Талдау немесе мониторинг объектілеріне қатысты шешімдер қабылдауға әсер ететін дәйексіз қорытындылар қалыптастыру мүмкіндігі.

 

Бөлім қызметкерлерінің атқаратын қызметтік міндеттерін бірдей көлемде бөлмеу  мүмкіндігі.

3.

Персоналмен  жұмыс істеу бөлімінің басшысы

Белгіленген тәртіпте бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін конкурстардың өтуін ұйымдастыру және бақылау (3.15.т);

 

 

Департаменттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерін меритократия принципімен және ауысу тәртібімен тағайындау жосығын ұйымдастыру және жүргізу (3.7.т);

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы, Еңбек кодексі мен еңбек тәртібі нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, ұйымдастыру және бақылау (3.2.т.);

 

 

Департаменттің Комиссиялық органдарының қызметтерін ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету (қызмет өтілін айқындау, Тәртіптік және Бағалау бойынша комиссиялардың) (3.8 – 3.9.тт.).

Конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы негізсіз шешім қабылдау; конкурстық комиссия құрамы туралы мәліметті, кандидаттарға арналған сұрақтар тізбесі мен эссе тақырыптарын ұсыну. Тағайындау кезінде  жекелеген мемлекеттік қызметшілерге артықшылық беру, меритократия қағидаттарын сақтамау мүмкіндігі.

«Ыңғайлы» немесе «ыңғайсыз» жағдайлар жасау, қызметке лайықты игіліктерді (материалдық көтермелеулер, демалыстар және т.б.) іріктеп беру, тәртіптік жазаларды негізсіз қолдану мүмкіндігі.

 

Комиссия шешімдеріне әсер ететін ақпаратты жасыру немесе бұрмалау мүмкіндігі.

 

Дата публикации
18 октября 2024
Дата обновления
18 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы