Меню

Страницы

Статья

Шымкент каласы бойынша Қазынашылық департаменті СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

Шымкент каласы бойынша Қазынашылық департаменті                                                                 

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1.

ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» (бұдан әрі №540 ереже) 190 тармағының екінші абзацында Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің жергілікті атқарушы органдардың, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің шешімдеріне сәйкес міндеттеме қабылдаған кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің) тиісті шешімдерінің көшірмелерін (мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қол қойған сканерленген түрлерін тіркейді) қосымша ұсынады делінген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдар әкімдерінің шешімдерінде тиісті аймақтарға бөлінген қаражаттар туралы қосымша қоса бекітіледі. Қосымшасыз шешімдер толық болып табылмайды. Сондай-ақ, 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР Үкіметі нормативтік құқықтық қаулы шығара алады.

 

Нормативтік құқықтық акті нормасын қолдануды бір реттендіру үшін ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне №540 ереженің 190 тармағы екінші абзацына келесі толықтыруды енгізу туралы ұсыныс хат жолдау ұсынылады:

«Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, жергілікті атқарушы органдардың, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің шешімдеріне сәйкес міндеттеме қабылдаған кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиістіқаулыларының, жергілікті атқарушы органдардың, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тиісті шешімдерінің және олардың қосымшаларының көшірмелерін (мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қол қойған сканерленген түрлерін тіркейді) қосымша ұсынады.»

 

НҚА-ға толықтырулар

 

17.10.2024

2.

№540Ереженің 187 тармағының 3 абзацына сәйкес Өтінімге міндеттемелерді тіркеу туралы хабарламалардың нөмірлері мен күні, шартты бұзу себебі, сондай-ақ өзгерген жағдайда шарттың сомасы көрсетілетін түсіндірме жазба қоса беріледі. Алайда, түсіндірме жазбаларда тиісті ақпараттар дұрыс көрсетілмеуі шарттарды (қосымша келісімдерді) бұзуға, өзгертуге арналған өтінімдерді орындамай қайтарудың негізгі себептерінің бірі болып отыр. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына мүмкіндік береді.

 

№540 Ережеге қосымша ретінде түсіндірме жазбаның стандартты формасын жасау бойынша немесе «ЭМС» АИАЖ-де түсіндірме жазбаны қалыптастыруды автоматтандыру бойынша ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне ұсыныс жолдау ұсынылады.

 

НҚА-ға толықтырулар

 

17.10.2024

3.

ҚР Қаржы министрінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығында (бұдан әрі-Қағидалар) әлеуетті өнім берушінің объектіге жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың қайталану фактісі бойынша уәкілетті органның ведомствосына бұғаттау жөніндегі іс-қимылдар 103 пен 104 тармақтарында көзделген. Яғни, аумақтық бөлімшелердің электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу кезінде мәліметтердің қайталану фактісі анықталған кезде, Қағидаларда әлеуетті өнім берушіге растаудан бас тарту туралы тармақтың сілтемесі көзделмеген.

Бұл ретте, Қазынашылық комитетінің 23.06.2022 ж. №КК-04-КК/1810-И және 13.04.2023 ж. №КК-02-КК/775-И хаттарына сәйкес қайталануды растауға жол бермеу туралы бақылауды күшейту тапсырылады. Қайталану фактісін болдырмау мақсатында аумақтық бөлімшелер БСН бойынша (және объектінің атауы бойынша) әлеуетті өнім берушінің орындалған жұмыстарының мәліметтерін, мәліметтер мен жұмыстардың қайталануына қарайды. Бірақ бұл 100% қайталануын тексеру фактісі емес, өйткені әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы жұмыс тәжірибесінің өтінімдерін қалыптастыру кезінде объектінің атауын әр түрлі етіп, тере алады (бос орын арқылы, нүкте қою және т.б.). Демек, бұл мәліметтердің қайталануын табуды қиындатады.

ҚР Қаржы министрінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығына әлеуетті өнім берушіге аумақтық бөлімшелердің электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу кезінде мәліметтердің қайталануын растаудан бас тарту туралы 89-тармаққа толықтыруын енгізу.

 

 

НҚА-ға толықтырулар

 

17.10.2024

4.

Қағидалардың 255-тармағына сәйкес, егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, орындалған жұмыстарды қабылдау және объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері ұсынылады, онда бұл қосалқы мердігер туралы мәліметтер көрсетіледі. Объектіні пайдалануға қабылдау актісінде бас мердігер осы объект бойынша қосалқы мердігерлік ұйымдардың тартылмағаны туралы ақпарат беретін жағдайлар болды. Бірақ, 256-тармақтың Қағидаларына сәйкес, объектіні пайдалануға қабылдау актісінде қосалқы мердігер туралы мәліметтер болмаған жағдайда, осы қосалқы мердігер туралы мәліметтер көрсетілетінін сәйкестік туралы декларацияның электрондық көшірмесі қосымша ұсынылады. Демек, қосалқы мердігер декларацияның көшірмесіне өзін қосалқы мердігер ретінде ұсынады.  Осыдан қосалқы мердігер объектіге тартылғандығына белгісіз жағдай тудырады.

Кейбір жағдайларда бас мердігердің ұсынған декларацияда тіркелген қосалқы мердігер туралы мәлімет көрсетпейді. Бірақ қосалқы мердігер ұсынған декларациясында өзінің тіркелгені туралы мәлімет береді. Осы ретте қосалқы мердігердің ұсынған  декларациясы қандай екені белгісіз.

Сонымен қатар, Қағидаларға сәйкес 91 және 92 тармақ талаптары орындалады.

ҚР Қаржы министрінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығы 256-тармаққа электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, веб-портал арқылы ұсынылған бас мердігердің растауының болуына, веб-портал арқылы растау мүмкіндігі болмаған жағдайда қосалқы мердігер өтінімге бас мердігердің нотариалды куәландырылған хатының электрондық көшірмесін қоса береді, деп толықтыруын енгізу.

НҚА-ға толықтырулар

 

17.10.2024

5.

Қағиданың 98-тармақ талаптарына сәйкес, әлеуетті өнім берушілер электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу кезінде анықталған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері осындай факті туралы өздеріне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінеді.

Алайда, Қағидалардың 89-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері он жұмыс күні ішінде қарайды.

Егер Қағиданың 98-тармағы бойынша туындаған жағдайда, Қағиданың 89-тармағы өтінімдерді қарау мерзімі бұзылады.

 

ҚР Қаржы министрінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығына осы Қағиданың 98-тармағы туындаған жағдайда 89-тармаққа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау мерзімі сот шешімі күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады, деп толықтыруын енгізу.

НҚА-ға толықтырулар

 

17.10.2024

Дата публикации
20 сентября 2024
Дата обновления
20 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы