СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаменті
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 4.12.2014ж. №540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің (бұдан әрі – №540 Ереже) 176 т. сәйкес «Егер ҚР заңнамасында өзгеше көзделмесе, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, мерзімді баспаны және почта байланыс қызметтерін сатып алу кезінде шарт сомасының 100 пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлемақы жасауға жол беріледі». Алайда мерзімді баспаға жазылу соңғы жылдары 159 ерекшелік «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» арқылы өтеді, ол бойынша 100 пайыздық аванстық (алдын ала) төлемақы жасауға жол берілмейді. |
№540 Ережеге 159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарды төлеу" ерекшелігі бойынша мерзімдік баспасөзге жазылуды 100%-дық алдын-ала төлем қарастыру жөнінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша Қазынашылық комитетіне ұсыныстар енгізу. |
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетіне хат |
|
2024 жылдың 1 шілдеге дейін |
|
2 |
Қазынашылық органдары бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен мемлекеттік мекеме өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның түсімдер мен шығыстарының жиынтық жоспарын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға келісімдеуге бергені және оның бекітілгені туралы хабарсыз болады. Қазынашылық органдарына жиынтық жоспардың келісімделгені туралы құжат берілмейді. |
Қазынашылық органдарын бюджетті атқару бойынша уәкілетті орган тарапынан мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның түсімдер мен шығыстарының жиынтық жоспарын келісімдегені жайлы хабардар ету мәселесі бойынша құқықтық алшақтығын жою жөнінде Қазынашылық комитетіне ұсыныстар енгізу. |
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетіне хат |
|
2024 жылдың 1 шілдеге дейін |
|
3 |
ҚБШ-да ақша жеткiлiксiз болған жағдайда қызметкерлердің назар аудармауы («адами фактор») салдарынан басым бағыттарға жатпайтын шығыстар бойынша төлемдер өтіп кетуі мүмкін. |
Қазынашылықтың ақпараттық жүйелерінде №540 Ереженің 213 т. сәйкес басым шығыстарға жатпайтын шығыстарды Комитет деңгейінде уақытша жабу жөнінде Қазынашылық комитетіне ұсыныстар енгізу. |
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетіне хат |
|
2024 жылдың 1 шілдеге дейін |
|
4 |
«Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу туралы өтінімдерін кері қайтарып алу мүмкіндігі бар. |
Өтінімдерді кері қайтарып алудың технологиялық мүмкіндігін жою бөлігінде «Қазынашылық-Клиент» АЖ жетілдіру жөнінде Қазынашылық комитетіне ұсыныстар енгізу. |
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетіне хат |
|
2024 жылдың 1 шілдеге дейін |
|
5 |
Электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу барысында жеткізіп берушілер үшін өтінім қарастырушы маманның Т.А.Ж. көру мүмкіндігі шектелмеген. |
Электрондық депозитарийді ақтық шешім шыққанға дейін қарастырушы маманның Т.А.Ж.-н көрсетпеу бөлігінде жетілдіру бойынша Қазынашылық комитетіне ұсыныстар енгізу. |
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетіне хат |
|
2024 жылдың 1 шілдеге дейін |