Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1109 бұйрығымен бекітілген 2019 жылға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит департаменті 15 аудиторлық іс-шара жүргізді, оның ішінде:
Қазынашылық комитеті;
Мемлекеттік қарыз алу департаменті;
Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті;
Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті;
Агроөнеркәсіп кешен, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы бюджеті департаменті;
Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті;
Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті;
Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті;
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті;
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті;
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті;
Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті;
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті;
Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шағымдарды қарау орталығы - басқармасы.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта жол бермеу ұсынымдарымен анықталған бұзушылықтарды, кемшіліктерді жоюға 9 шешім жіберілді.
Объектілер бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту арқылы бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдады, жұмыстағы кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар жоспарларын әзірледі.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес 9 лауазымды адамға айыппұлдардың жалпы сомасы 783,1 мың теңгеге әкімшілік жаза қолданылды.
Жол берілген бұзушылықтар үшін 10 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша ішкі аудит объектілері жұмысының тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын үнемі зерделеу, қаржылық тәртіпті, оның ішінде министрліктің ведомствоішілік бұйрықтарын қатаң сақтау қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.
Департамент объектілерде ішкі аудитті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.