|
|
«Бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы
№ 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
|
1. «Бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген және бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.»; 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Өтініш электрондық пошта не бағалаушылардың интернет-ресурсы арқылы жіберіледі, тапсырылады (автоматтандырылған веб-портал болмаған жағдайда сканерленген көшірмесі). 5. Кандидат өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді: |
1) «Бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімі және (немесе) жоғары техникалық немесе экономикалық білім мамандығы бойынша жоғары білім туралы диплом көшірмесін («сарапшы» біліктілік куәлігіне үміткер талап етілмейді);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) үміткердің бағдарламаға сәйкес және бағалаушылар палатасы бекіткен сағаттардың көлемінде оқу немесе қайта даярлаудан өтуін растайтын құжаттар;
4) бағалаушыда кемінде бір жыл мерзімге тағылымдамадан өткенің куәландыратын құжаттар («сарапшы» біліктілік куәлігіне үміткер талап етілмейді).»;
7 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы Қағидаларда 5-тармақта көзделген құжаттарды тиісінше ұсынбаған жағдайда біліктілік емтиханына рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді электрондық пошта, не бағалаушылардың интернет-ресурсы арқылы жіберіледі, тапсырылады (автоматтандырылған веб-портал болмаған жағдайда сканерленген көшірмесі) бағалаушылар палатасы үміткерге өтініш түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.»;
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Біліктілік комиссиясының отырысында хаттама жүргізіледі, онда мыналар: отырыстың күні, уақыты және орны, біліктілік комиссиясының құрамы, үміткердің аты, тегі, әкесінің аты (ол болған жағдайда), біліктілік комиссиясының мұрағатында 5 (бес) жыл бойы сақталатын емтихан қорытындысы көрсетіледі. Хаттамада үміткерге жасалған ескерту тіркеледі.
Хаттамаға біліктілік комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
- Мамандығы көрсетілген куәліктің нөмірін, шығарылған күнін, атын, тегін және әкесінің атын (ол болған жағдайда) көрсете отырып, біліктілік емтиханын тапсырған үміткерлер «бағалаушы» немесе «сарапшы» біліктілігі туралы куәлікті алады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |
|
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 19 ақпандағы № 109 |
|||
|
бұйрығына 1- қосымша
Бағалаушыларға, сарапшыларға
|
ӨТІНІШ
________________________ бойынша «бағалаушы» біліктілігін беру
(мамандандыруды көрсетіңіз)
туралы куәлігін алу үшін біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат етуіңізді сұраймын.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1)
2)
3)
4)
...
__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
________________
(қолы)
20 __ жылғы «___» ____________
Өтініш қарауға қабылданды 20__ жылғы «___»_______________
______________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
|
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 19 ақпандағы № 109 |
|||
|
бұйрығына 2- қосымша
Бағалаушыларға, сарапшыларға
|
ӨТІНІШ
________________________ бойынша «сарапшы» біліктілігін беру
(мамандандыруды көрсетіңіз)
туралы куәлігін алу үшін біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат етуіңізді сұраймын.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1)
2)
3)
4)
...
__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
________________
(қолы)
20 __ жылғы «___» ____________
Өтініш қарауға қабылданды 20__ жылғы «___»_______________
______________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)